Біздің Instagram

Мектеп өмірінен жаңа сәттер — күн сайын Instagram-да

53 ішінен 25–36

💚 Мектебімізде жарқын Денсаулық күні өтті! Оқушылар спорттық эстафеталарға қатысып, би билеп, ойын ойнап, көңілдерін көтерді. ⚽🏃‍♀️🎶 Денсаулық — тек спорт қана емес, ол жақсы көңіл-күй, достық пен белсенділік! 🌟

📍 Сегодня Бизнес школа «Баскар» провел ознакомительный пробный урок в IT-школе! 💡 Ребята попробовали себя в: — креативном мышлении, — ораторском искусстве, — эмоциональном интеллекте, — лидерстве. 🔥 Это только начало пути в мир IT и soft skills! 👉 Хочешь, чтобы твой ребёнок тоже получил такие навыки? Записывайся на пробный урок прямо сейчас!

КазИИТУ” ғылыми-білім кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалып, талқыланды. Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер мен қызметкерлер қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысы айқындаған негізгі басымдықтар қарастырылып, білім беру жүйесін жетілдіру, ғылым мен инновацияны дамыту, жастарға тәрбие мен патриоттық құндылықтарды сіңіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқу орнының өкілдері Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді.

📚✨ Білім күні құтты болсын! Бүгін Ақпараттық технологиялар лицей-мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай “Мектебім – мейірім мекені” атты салтанатты жиын өтті. Жаңа жыл – жаңа жетістіктер мен жеңістерге бастайтын қадам. 💡 Барша ұстаздар мен оқушыларға табыс, толағай жетістіктер тілейміз! 🌟 👩‍🏫 Ұстаздарымызға – шығармашылық табыстар пен шабыт, 👩‍🎓 Оқушыларымызға – биік белестер мен асқақ армандар тілейміз! Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, мейірім мен достықтың мекені. ❤️

📌Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні тарих пәнінің мұғалімі Актоты Сериковнаның ұйымдастыруымен Ақпараттық технологиялар лицей-мектебінің 11 сынып оқушылары арасында қазіргі білім негізінде Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шеберлігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілеттерін арттыру мақсатында «ТАРИХ QUIZ» сайыс сабағы оздырылды. Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі II орын 11 “Б” сыныбы “Алаш айбындары” және I орын 11 “А” сыныбы “Шырақ” тобы иеленді.

Оқу жылының аяқталуына аз уақыт қалды, бұл күн сайын айқынырақ сезіліп келеді. Әсіресе, 36 оқушы оқитын екі бағыттағы екі 11-сыныптың түлектерінен бұл ерекше байқалады. Олар қазір мектеп өміріндегі ең толқынысқа толы, естен кетпес кезеңді бастан кешіп жатыр. Фотосессияға дайындалып жүргендерін көргенде, бәрі өзгеше бір атмосфераға бөленгендей болады. Камера объективінен олардың мектептегі жылдары, бірге өткізген сәттері мен достықтары мәңгілікке естелік болып қатып қалғандай. Алда – ҰБТ-ға дайындық, мемлекеттік емтихандар, мектеп бітіру кешіне әзірлік… Бәрі де үлкен жауапкершілікті, зейін мен жігерді талап етеді. Дегенмен, балалардың көзінен қобалжу ғана емес, есеюдің де нышандары байқалады. Көп ұзамай олар жаңа белестерге қадам басады. Бірақ дәл қазір – олар әлі мектепте, бізбен бірге, және біз осы ерекше сәттерді бірге өткеріп келеміз.

⚜️Ұлыстың ұлы күні- Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын! ⚜️КазИИТУ ғылыми-білім кешенінде Наурыз мерекесі атап өтілді! @oqu_agartu_ministrligi @bkobilimbaskarmasy @darynzko @rumcdo_official @oral_bilim @uralskakimat @damir_aitimov_07 @karzhauovalunara

День благотворительности: тепло сердец в каждом угощении Сегодня, 15 марта, школа-лицей информационных технологий посвятила день благотворительности тем, кто ежедневно трудится ради нашего города. В это время года, когда природа преподносит свои испытания, есть люди, которые, не жалея сил, работают на улицах: расчищают дороги, устраняют последствия паводков, поддерживают порядок и безопасность. Их труд — это невидимый, но незаменимый вклад в жизнь каждого жителя. Именно для них, настоящих тружеников, мы решили подарить частичку тепла. Горячий чай, ароматные пирожки, домашняя выпечка — не просто угощение, а знак искренней благодарности и признательности. В каждом кусочке — забота, в каждой чашке — тепло наших сердец. Пусть этот день напомнит нам всем, как важно замечать и ценить труд людей, совершающих добрые дела во благо других. Ведь настоящая благотворительность — это не только материальная помощь, но и искреннее внимание, доброе слово и маленький жест заботы, который может согреть душу даже в самую суровую погоду#nauryznama2025

🌸8 наурызға арналған тимбилдинг 🌸 Сәл кеш болса да, көктемнің тамаша мерекесі – 8 наурызға арналған тату-тәтті командамыздың жарқын сәттерімен бөлісеміз! 🌷✨ Бұл күн тек құттықтауға себеп болған жоқ, сонымен қатар әріптестер арасында орнаған командалық рухты, қолдауды және керемет атмосфераны тағы бір рет сезінудің тамаша мүмкіндігі болды. Біз күлдік, жарыстық, позитивке бөлендік және, әрине, әр сәттен ләззат алдық! Баршаңызға қатысқандарыңыз, эмоцияларыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін рахмет! Өмірімізде осындай жылы, шынайы кездесулер көп болсын! 💖 #Тембилдинг #8наурыз #КөктемКөңілдері #ДостықКоманда #Эмоциялар

😍 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған нәзік жандыларға арналған концерттік бағдарлама💐 ❤️Мейрамдарыңыз құтты болсын!❤️

Команда волонтеров начала обход вверенные им участки избирательного округа #11, проведена работа по расклеиванию агитационных постеров, параллельно проводятся разъяснения жителями округа о предстоящих выборах💯💪✊!!! #аманат #amanat #сайлау #выборы #орал #уральск #бқо #зко

Бүгінгі сенбілік – лицей аумағы мен ауланы ретке келтіріп қана қоймай, тазалық пен тәртіпке қамқорлық жасау – ортақ мақсат төңірегінде топтасатын күн. Әрбір іс-әрекет, жиналған әрбір көк жапырақ екінші үйіміз санайтын жерімізге деген жауапкершілігіміздің белгісіне айналды. Осындай шынайы ықыласпен, ынтамен атсалысқан оныншы сынып менторларына және барша оқушыларға мың алғыс. Олардың өнерпаз ретінде ғана емес, лицей нұрын төгу үшін жанын салғандар ретінде қатысуға деген құлшынысы ерекше құрметке лайық. Бұл жай ғана физикалық еңбек емес, бұл әрқайсымыз үшін үлкен, ортақ процесте өз рөлімізді сезіну мүмкіндігі болды. Бұл күн тазалықтың сыртқы тәртіп қана емес, сонымен бірге ішкі көңіл күй екенін ұғынудың қаншалықты маңызды екенін еске салды. Айналамыздағының бәрі таза, әдемі болса, жанымыз жеңілдей түседі. Біз физикалық әлемнің тазалығын сақтауды ғана емес, сонымен бірге жүрегімізде және бір-бірімізбен қарым-қатынасымызда үйлесімділік орнатуды үйренеміз. Осы күнге атсалысқан барша жандарға рахмет!