Біздің Instagram
Мектеп өмірінен жаңа сәттер — күн сайын Instagram-да

Құрметті ардагерлер мен отандастар! “КазИИТУ” ғылыми-білім кешенінің студенттері мен ұстаздары 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай ескерткіш маңына барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Іс-шара барысында батырлар рухына тағзым етіліп, Отан үшін жанын қиған ерлерге құрмет көрсетілді.

“КазИИТУ” ғылыми - білім кешенінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған тағылымды шара өтті. Бұл мерекелік іс-шарада біз Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырларды еске алып, олардың жанқиярлық еңбегіне тағзым еттік. Студенттер ардагерлер рухына құрмет көрсетіп, патриоттық әндер орындап, өлеңдер оқыды. Бұл күн – бейбіт өмірдің бағасын түсіндіріп, елжандылық сезімді арттырған маңызды сәт болды.

6 «А» сыныбында «Asking for and giving directions» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын дамыту. Сабақ мақсатына жетті, оқушылар белсенді жұмыс істеді.

14 сәуір лицей-мектебімізде ашық есік күні өтті. Іс-шараға «Жайық дарыны» және IT лицейінен 5, 7, 8, 9-сынып оқушылары келіп, оқу ордамыздың тыныс-тіршілігімен танысты. Қонақтарға түрлі кабинеттер көрсетіліп, қызықты бағдарламалар ұсынылды. Оқушылар жақсы әсер алып қайтты.

14 сәуір лицей-мектебімізде ашық есік күні өтті. Іс-шараға «Жайық дарыны» және IT лицейінен 5, 7, 8, 9-сынып оқушылары келіп, оқу ордамыздың тыныс-тіршілігімен танысты. Қонақтарға түрлі кабинеттер көрсетіліп, қызықты бағдарламалар ұсынылды. Оқушылар жақсы әсер алып қайтты.

🔰10-сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 11-сынып оқушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Аталған сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Сынып жетекшісі: Ажгалиева Нурлы Мендибековна

🔰Лицей-мектебіміздің оқушылары сенбілікке қатысып, мектеп ауласын тазалап, қоршаған ортаны көркейтуге атсалысты. 🌱

📌 Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды Орал қаласындағы «Ақпараттық технологиялар лицей-мектебі» және «Жайық Дарыны» жеке бастауыш мектебі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды 🤝 Бұл құжаттың негізгі мақсаты – оқушылардың білімін дамыту, оқу үдерісінде заманауи ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарын қолдану, сондай-ақ білім беру саласында тәжірибе алмасуды нығайту. Меморандум аясында: 🔹 бірлескен жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылады 🔹 конференциялар, семинарлар мен түрлі іс-шаралар өткізіледі 🔹 білім беру саласында тәжірибе алмасу ұйымдастырылады Аталған ынтымақтастық екі білім беру мекемесінің байланысын нығайтып, оқушылардың сапалы білім алуына жаңа мүмкіндіктер ашады ✨

Құрметті Дамир Ақсерікұлы! Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан келген жоғары мемлекеттік наградамен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің еңбегіңіз бен жетістігіңіз — үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз! ✨

✨ QAZIITU Аруы – 2026 ✨ Сұлулық. Талант. Интеллект. QAZIITU сахнасында өткен “QAZIITU Аруы – 2026” байқауы көрермендерге ерекше эмоция сыйлады. 🏆 Жеңімпаздар: 👑 QAZIITU Аруы – Сатығали Айым @rvtk_07 🥈 Вице-ару – Жангалиева Алина @kaziitu__texdistiplina ✨ Grace аруы – Ақылбекова Жансәуле @qaziitu_jurisprudence 🧠 Intellect аруы – Мизамғали Ару @kaziitu_ekonomika ❤️ Көрермен көзайымы – Жұмагерей Айнара @it_school.life 📱 Digital аруы – Жұбаныш Назым @digital_college 🌟 Сұлулық пен таланттың жарқын кеші! Красота. Талант. Интеллект. Конкурс “QAZIITU Аруы – 2026” в QAZIITU подарил зрителям незабываемые эмоции. 🌟 Яркий вечер красоты и таланта! #QAZIITU #QAZIITUАруы #Aru2026 #СтуденческаяЖизнь #Красота #Талант

Көктемнің алғашқы күнімен бірге келетін ерекше мереке – Алғыс айту күні! 1 наурыз – еліміз үшін ерекше мағыналы күн. Алғыс айту күні 2016 жылдан бері ресми түрде тойланып келеді. Мерекенің басты мақсаты – өткен тарихи кезеңдердегі өзара қолдауды еске алып, қоғамдағы сыйластық пен ризашылықты нығайту. Бұл – бірлік пен татулықтың, құрмет пен адамгершіліктің маңызын дәріптейтін күн. Мерекеге орай, Ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, қазақ еліне, мектепке және ұстаздарға өз алғыстарын жеткізді. Алғыс айту күні – шынайы ризашылықтың, бірлік пен достықтың мерекесі. Осындай құндылықтар әрдайым ортамызда сақтала берсін. Сынып жетекшісі: Ажгалиева Нурлы Мендибековна. Особый праздник, приходящий вместе с первым днём весны — День благодарности! 1 марта — особенный, значимый день для нашей страны. День благодарности с 2016 года официально отмечается в Республике Казахстан. Главная цель праздника — вспомнить взаимную поддержку в трудные исторические периоды и укрепить в обществе согласие и признательность. Это день, прославляющий значение единства, уважения и человечности. В честь праздника учащиеся 11 класса школы-лицея поздравили учителей и учеников, а также выразили свою благодарность казахскому народу, школе и педагогам. День благодарности — это праздник искренней признательности, единства и дружбы. Пусть данные ценности всегда сохраняются и укрепляются в обществе. Классный руководитель: Ажгалиева Нурлы Мендибековна.

Ақпараттық технологиялар лицей мектебіміздің ұстаздары қайырымдылық жасап, мейірім мен жанашырлықтың үлгісін көрсетті. 🤍 Жақсылық жасау – жүректен.