XXI ғасырдың заманауи мектебі

Цифрлы Қазақстан бағдарламасы негізінде IT технология, робототехника және инновациялық білім беретін мектеп-лицей.

Болашақтың мамандарын дайындаймыз

Жоғары санатты ұстаздар мен ЖОО ғалымдары бірлесе отырып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырады.

IT әлеміне жол ашамыз

Түлектеріміз 9 сыныптан кейін мемлекеттік грантпен Халықаралық Цифрлық технология колледжіне оқуға түсе алады.

Біз туралы

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі

XXI ғасыр – білім мен технология заманы. Балаңыздың болашағы берік, білімі заман талабына сай болғанын қаласаңыз, біздің мектебімізге оқуға шақырамыз.

Қоғамда және жеке өмірде белсенді бола алатын, кәсіби білімін саналы түрде дамытатын, өздігінен білім алып, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын жан-жақты тұлға қалыптастыруға бағытталған заманауи IT мектебі. Мектепте тәжірибелі жоғары санатты ұстаздар мен жоғары оқу орындарының ғалымдары сабақ береді.

9+Сыныптан кейін грант мүмкіндігі
ITЗаманауи бағыттар
STEMИнженерлік білім
Біздің Instagram

Құрметті ардагерлер мен отандастар! “КазИИТУ” ғылыми-білім кешенінің студенттері мен ұстаздары 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай ескерткіш маңына барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Іс-шара барысында батырлар рухына тағзым етіліп, Отан үшін жанын қиған ерлерге құрмет көрсетілді.

“КазИИТУ” ғылыми - білім кешенінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған тағылымды шара өтті. Бұл мерекелік іс-шарада біз Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырларды еске алып, олардың жанқиярлық еңбегіне тағзым еттік. Студенттер ардагерлер рухына құрмет көрсетіп, патриоттық әндер орындап, өлеңдер оқыды. Бұл күн – бейбіт өмірдің бағасын түсіндіріп, елжандылық сезімді арттырған маңызды сәт болды.

6 «А» сыныбында «Asking for and giving directions» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын дамыту. Сабақ мақсатына жетті, оқушылар белсенді жұмыс істеді.

14 сәуір лицей-мектебімізде ашық есік күні өтті. Іс-шараға «Жайық дарыны» және IT лицейінен 5, 7, 8, 9-сынып оқушылары келіп, оқу ордамыздың тыныс-тіршілігімен танысты. Қонақтарға түрлі кабинеттер көрсетіліп, қызықты бағдарламалар ұсынылды. Оқушылар жақсы әсер алып қайтты.

14 сәуір лицей-мектебімізде ашық есік күні өтті. Іс-шараға «Жайық дарыны» және IT лицейінен 5, 7, 8, 9-сынып оқушылары келіп, оқу ордамыздың тыныс-тіршілігімен танысты. Қонақтарға түрлі кабинеттер көрсетіліп, қызықты бағдарламалар ұсынылды. Оқушылар жақсы әсер алып қайтты.

🔰10-сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 11-сынып оқушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Аталған сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Сынып жетекшісі: Ажгалиева Нурлы Мендибековна

🔰Лицей-мектебіміздің оқушылары сенбілікке қатысып, мектеп ауласын тазалап, қоршаған ортаны көркейтуге атсалысты. 🌱

📌 Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды Орал қаласындағы «Ақпараттық технологиялар лицей-мектебі» және «Жайық Дарыны» жеке бастауыш мектебі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды 🤝 Бұл құжаттың негізгі мақсаты – оқушылардың білімін дамыту, оқу үдерісінде заманауи ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарын қолдану, сондай-ақ білім беру саласында тәжірибе алмасуды нығайту. Меморандум аясында: 🔹 бірлескен жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылады 🔹 конференциялар, семинарлар мен түрлі іс-шаралар өткізіледі 🔹 білім беру саласында тәжірибе алмасу ұйымдастырылады Аталған ынтымақтастық екі білім беру мекемесінің байланысын нығайтып, оқушылардың сапалы білім алуына жаңа мүмкіндіктер ашады ✨

Құрметті Дамир Ақсерікұлы! Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан келген жоғары мемлекеттік наградамен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің еңбегіңіз бен жетістігіңіз — үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз! ✨

✨ QAZIITU Аруы – 2026 ✨ Сұлулық. Талант. Интеллект. QAZIITU сахнасында өткен “QAZIITU Аруы – 2026” байқауы көрермендерге ерекше эмоция сыйлады. 🏆 Жеңімпаздар: 👑 QAZIITU Аруы – Сатығали Айым @rvtk_07 🥈 Вице-ару – Жангалиева Алина @kaziitu__texdistiplina ✨ Grace аруы – Ақылбекова Жансәуле @qaziitu_jurisprudence 🧠 Intellect аруы – Мизамғали Ару @kaziitu_ekonomika ❤️ Көрермен көзайымы – Жұмагерей Айнара @it_school.life 📱 Digital аруы – Жұбаныш Назым @digital_college 🌟 Сұлулық пен таланттың жарқын кеші! Красота. Талант. Интеллект. Конкурс “QAZIITU Аруы – 2026” в QAZIITU подарил зрителям незабываемые эмоции. 🌟 Яркий вечер красоты и таланта! #QAZIITU #QAZIITUАруы #Aru2026 #СтуденческаяЖизнь #Красота #Талант

Көктемнің алғашқы күнімен бірге келетін ерекше мереке – Алғыс айту күні! 1 наурыз – еліміз үшін ерекше мағыналы күн. Алғыс айту күні 2016 жылдан бері ресми түрде тойланып келеді. Мерекенің басты мақсаты – өткен тарихи кезеңдердегі өзара қолдауды еске алып, қоғамдағы сыйластық пен ризашылықты нығайту. Бұл – бірлік пен татулықтың, құрмет пен адамгершіліктің маңызын дәріптейтін күн. Мерекеге орай, Ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, қазақ еліне, мектепке және ұстаздарға өз алғыстарын жеткізді. Алғыс айту күні – шынайы ризашылықтың, бірлік пен достықтың мерекесі. Осындай құндылықтар әрдайым ортамызда сақтала берсін. Сынып жетекшісі: Ажгалиева Нурлы Мендибековна. Особый праздник, приходящий вместе с первым днём весны — День благодарности! 1 марта — особенный, значимый день для нашей страны. День благодарности с 2016 года официально отмечается в Республике Казахстан. Главная цель праздника — вспомнить взаимную поддержку в трудные исторические периоды и укрепить в обществе согласие и признательность. Это день, прославляющий значение единства, уважения и человечности. В честь праздника учащиеся 11 класса школы-лицея поздравили учителей и учеников, а также выразили свою благодарность казахскому народу, школе и педагогам. День благодарности — это праздник искренней признательности, единства и дружбы. Пусть данные ценности всегда сохраняются и укрепляются в обществе. Классный руководитель: Ажгалиева Нурлы Мендибековна.

Ақпараттық технологиялар лицей мектебіміздің ұстаздары қайырымдылық жасап, мейірім мен жанашырлықтың үлгісін көрсетті. 🤍 Жақсылық жасау – жүректен.

Байланыс

Бізбен байланысу үшін барлық қажетті контактілер осында

Байланыс
Телефон+7 (707) 599 34 87
МекенжайОрал қ., IT School мектеп-лицейі
InstagramInstagram